Канело мансабындағы соңғы жекпе-жегі туралы шешім қабылдады
Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес кәсіпқой мансабындағы соңғы жекпе-жегін туған еліндегі әйгілі «Ацтека» стадионында өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды 24KZ Boxing Media-ға сілтеме жасап.
36 жастағы боксшы мансабын аяқтауға әлі нақты уақыт белгілемеген. Дегенмен алдағы уақытта тағы 4-5 жекпе-жек өткізетінін айтты.
«Канело» биыл футболдан әлем чемпионаты кезінде «Ацтека» стадионында Мексика құрамасын қолдаған. Сол кезде ол осы аренада жекпе-жек өткізу туралы ойлағанын жеткізді. Боксшы бұл орынды мансабын аяқтайтын тамаша мекен деп санайды.
Боксшы бұл мүмкіндікті стадион иесі Эмилио Аскаррагамен алдын ала талқылаған. «Ацтекада» 1993 жылы атақты мексикалық боксшы Хулио Сесар Чавес жекпе-жек өткізіп, кездесуге 130 мыңнан астам көрермен жиналған еді.
Айта кетейік, «Канелоның» келесі жекпе-жегі 31 қазанда Эр-Риядта өтеді. Ол WBC нұсқасы бойынша супер орта салмақтағы әлем чемпионы Кристиан Мбиллимен жұдырықтасады.