АҚШ Таяу Шығыстан ұшақ тасығышын алып кетті
АҚШ-тың әскери әуе-теңіз күштері Таяу Шығыста George Bush деп аталатын ұшақ тасығыш алып кемесін алып кетті.
Бұл әуе техникасы кейінгі 6 айда Иранға қарсы теңіз блокадасын жүргізу және Арабия теңізіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Шексіз қаһар төгу» операциясына қатысты. Қазір кеме экипажды тынықтырып алу үшін Таиландтағы Пхукет аралына аялдаған. Оның бортында 4800-ден астам әскери қызметкер бар. Кеме биыл наурыз айында АҚШ-тың Вирджиния штатындағы Норфолк қаласынан аттанғалы бері Пхукет – олардың құрлыққа табан тіреп, демалып жатқан алғашқы порты. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, АҚШ әскері елге 9 қазанда жетеді. Осылайша, АҚШ-тың Таяу Шығыста жалғыз әскери кемесі қалды. Оның құрамында ядролық реактормен жұмыс істейтін атомдық ұшақ тасығыш бар.