Йемен әскері хуситтерден Таяу Шығыстағы маңызды бұғазды тартып алды

Йемен үкіметінің әскері хуситтерге қарсы ауқымды шабуыл бастап, Баб-әл-Мандеб бұғазын тартып алды.

Оларға стратегиялық маңызы зор аймаққа бақылау орнатуға Сауд Арабиясы бастаған халықаралық коалицияның әуе күштері қолдау көрсеткен. Бірлескен бұл операция "Йемен таңы" деп аталады. Баб-әл-Мандебті хуситтер өткен айда басып алған болатын. Зубаб ауданы, әуежай мен Моха порты қазір үкімет әскерінің қолында. Хуситтер тарапы өздерінің шегінгенін жоққа шығаруға тырысып әлек. Баб-әл-Мандебтегі соғыс қимылдары әлемдік саудаға ауыр соққы болып тиді. Бұғаз арқылы өтетін халықаралық кеме қатынасы 90 пайызға қысқарған. Сауд Арабиясы Еуропа елдеріне мұнайды уақытында жеткізе алмай қалды.

Сондай-ақ оқыңыз: