Сарапшы: Ұшқыштарды тексеру жүйесіне өзгеріс керек

«FlyDubai» әуе компаниясы бортындағы оқиға экипажға деген күдікті ұлғайтты.

Енді ұшқыштың психологиялық жай-күйін анықтайтын жүйе қайта қарастырылуы мүмкін. Белгілі заңгер Хабиб Әл-Мулла елдегі авиация саласына біршама өзгеріс керек дейді. Оның айтуынша, ұшақ кабинасына сырттан қауіп жоқ. Өйткені пилоттар кабинасы барынша қауіпсіз жүйеге көшті. Бірақ ұшқыштардың өзін тексеру, яғни радикалды көзқарастарын анықтау жағы кемшін. Кешегі төтенше жағдай кезінде ұшқыштың суық қаруға оңайлықпен қол жеткізгені көкейде көп сауал туындатады, дейді маман. 

Хабиб Әл-Мулла, заңгер, халықаралық құқық саласы бойынша маман:

- Бұл оқиға авиация саласына қатысты қауіпсіздік шараларын қайта қарау керегін көрсетті. Бұған дейін біз негізінен сырттан келетін сын-қатердің жолын кесумен айналыстық. Яғни кабинаға кіруді қиындататын жүйелер енгізілді. Ал бұл жолы қауіп сол кабина ішінен келді. Сондықтан болашақта ұшқыштарды психологиялық тұрғыда тексеру, олардың жай-күйін бағалау жүйесін сынап көруіміз қажет. Төтенше жағдай кезінде қолданылатын арнайы құралдарға қолжетімділік тәртібін де қайта қарастырған жөн.

Сондай-ақ оқыңыз: