АҚШ-тың Нью-Йорк штатында қызылшаға байланысты төтенше жағдай жарияланды

Ерекше режим 4 қарашаға дейін күшінде болады. Негізі бұл дертті жұқтырушылар саны 2025 жылдан бері өсе бастаған, деп хабарлайды 24KZ.

Билік ауылдық жерлерде қызылша, паротит және қызамық ауруларына қарсы вакцина салатын медицина мамандарының қатарын көбейткен еді. Айрықша режимге өткен Нью-Йорк аймағында кейінгі мәлімет бойынша 108 америкалық қызылша жұқтырған. Індет көршілес Пенсильвания штатында да тез таралып жатыр. Мұнда ауру саны мыңнан асып кетті. 5 науқас қызылшадан көз жұмған. Бірақ Пенсильвания штатының билігі төтенше жағдай жариялауға асығар емес.

Сондай-ақ оқыңыз: