Түркияда оқушы пышақпен шабуыл жасады

Ыстамбұлда 15 жастағы жасөспірім мектеп алдында оқушыларға пышақпен шабуыл жасады, деп хабарлайды 24KZ.

Салдарынан бір оқушы қаза тапты. Тағы жетеуі жарақат алды. Оқиға Каябашы ауданындағы орта мектепте болған. Алғашында оқушылар арасында жанжал шыққаны айтылған. Түркияның Денсаулық сақтау министрлігі жараланған жеті оқушының ем алып жатқанын хабарлады. Олардың бірінің жағдайы ауыр болған. Кейін ол ауруханада көз жұмды. Түркиялық басылымдардың мәліметінше, шабуылды басқа мектепте оқитын оқушы ұйымдастырған. Күдікті ұсталып, оқиға бойынша тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыз: