АҚШ кеме жасайтын жаңа ірі зауыт салады
АҚШ Әскери-теңіз күштеріне арналған жаңа ірі кеме жасау зауытын салуды бастады, деп хабарлайды 24KZ.
Жобаға Ақ үй басшысы Дональд Трамп қолдау білдірген. Өндіріс кешені Балтиморда бой көтереді. Оның айтуынша, бұл екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ-та салынатын ең ірі кеме жасау кәсіпорны болады. Жобаға Anduril компаниясы 3,7 млрд доллар инвестиция салмақ. Кәсіпорында атом сүңгуір қайықтарына қажетті бөлшектер шығарылады. Трамп жобаны АҚШ-тың кеме жасау саласындағы «алтын дәуірдің» бастауы деп атады. Нысанды 2030 жылға іске қосу жоспарланған.