Әлем елдерінің сыртқы қарызы 100 триллион доллардан асты
2030 жылға қарай жаһан жұртының қарызы әлемдік жалпы ішкі өнімнің 100 пайызынан асуы мүмкін.
Халықаралық Валюта қоры осылай деп дабыл қақты. Кейінгі дерек бойынша мемлекеттердің сыртқы берешегі 100 трлн доллардан асып кеткен. Оның 80 пайызы экономикасы дамыған елдерге тиесілі. Бұған көп елде инфляцияның дес бермеуі, сауда текетіресі, жасанды интеллектіні дамыту мен әскери шығындардың артуы және қарттардың көбеюінен зейнетақы төлемі көлемінің ұлғаюы себеп, дейді сарапшылар. Осы себепті Халықаралық валюта қоры"жаһан елдері қаржы жүйесін барынша жылдам ретке келтірмесе, әлем экономикасы тағы дағдарысқа ұшырауы мүмкін" деп ескертеді.