АҚШ Иранға қарсы санкцияны күшейтті
АҚШ билігі Иранның мұнай-химия саласына қарсы санкцияны күшейтті. Бұл туралы Құрама Штаттардың Қаржы министрлігі хабарлады. Бұл жолы «қара тізімге» 16 кеме мен 18 компания ілікті.
Сонымен қатар Үндістан мен Түркияның 6 азаматына қарсы шектеу енгізілді. Вашингтонның мәліметі бойынша олардың Иран мұнайын тасымалдауға қатысы бар. АҚШ Қаржы министрлігі «жаңадан қабылданған жазалау шараларының мақсаты – Тегеранды аймақтағы әскери іс-қимылдарды қаржыландыру мүмкіндігінен айыру», - дейді.