No comment: Чилиде шаңғы маусымы ұзарды
Чилиде шаңғы маусымы ұзарды, деп хабарлайды «24KZ».
Оңтүстік жарты шарда қазір көктем болғанымен Анд тауларындағы қар ерімей тұр. Енді жергілікті тау-шаңғы курорттары жұмысын қарашаға дейін ұзартпақ. Мамандардың айтуынша, бұған климаттың өзгеруі, оның ішінде Эль-Ниньо құбылысы әсер еткен. Әдетте аймақта бір маусымда 7 метрге дейін қар түседі, ал биылғы көлем 12 метрден асып кеткен.