Қырғызстанда Kaspi банкінің есепшоттарын заңсыз сату схемасы анықталды
Қырғызстан астанасы Бішкекте қазақстандық Kaspi банкінің аккаунттарын рәсімдеу және оларды ақшаға үшінші тұлғаларға ақшаға сату схемасы анықталды, деп хабарлайды «24KZ» 24.kg басылымына сілтеме жасап.
Құқық қорғау органдары бұл іске қатысы бар деген күдікпен бірнеше адамды ұстады. Өз атына шот ашқаны үшін азаматтарға 10 мың сом, шамамен 55 мың теңге көлемінде сыйақы уәде етілген.
Адам тартушылар банк шоттары мен Kaspi қосымшасында аккаунт ашуға дайын азаматтарды іздеген. Тіркеуден өткеннен кейін бұл адамдар ақшалай сыйақы үшін аккаунттарға толық қолжетімділікті және банк карталарын үшінші тұлғаларға берген.
Құқық қорғау органдарының алдын ала болжамы бойынша, сатып алынған аккаунттар қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру, заңсыз P2P аударымдарын жүзеге асыру,интернет-алаяқтық қызметтері аясында қаражатты шығару операцияларын жүргізу мақсатында пайдалынылған.
Бішкек қалалық ішкі істер бас басқармасының Тергеу қызметіне 13 адам жеткізілген:
8 ықтимал дроппер - аккаунттар өз атына рәсімделген делдал тұлға;
2 ұйымдастырушы-рекрутер - тапсырыс берушілерден алатын үлесі үшін адамдарды тартумен айналысқан;
2 ықтимал тапсырыс беруші;
1 такси жүргізушісі - логистикалық қолдау көрсеткен.
Қазіргі уақытта Бішкек тәртіп сақшылары қаржылық желінің толық ауқымын анықтап, схемаға қатысушылардың барлығын іздестіріп жатыр. Сондай-ақ сатылған шоттар арқылы жүргізілген нақты қаржылық операциялар тексерілуде.