Корея 10 мың қызметкерін Сеулден Седжон қаласына көшіреді
Оңтүстік Корея 10 мыңға жуық мемлекеттік қызметкерді Сеулден Седжон қаласына көшірмек.
Жоспар 44 мемлекеттік органды қамтиды. Көшіру жұмыстары келер жылы басталып, 2031 жылға дейін кезең-кезеңімен жүргізіледі. Бірінші ретте қаржы, жеке деректерді қорғау, ядролық қауіпсіздік және адам құқықтары салаларына жауапты мекемелер көшіріледі. Бастама арқылы билік ел астанасына түсетін жүктемені азайтып, ел өңірлерінің біркелкі дамуына ықпал етуді көздеп отыр. Бұдан бөлек 2029 жылы Седжонда жаңа президенттік кешен мен 2033 жылы парламент ғимараты салынады.