Түркия Сауд Арабиясын қолдайды

Түркия халықаралық һәм адам құқықтарын бұзатын шабуылға қарсы тұруда Сауд Арабиясын қолдайды.

Ел Президенті Реджеп Тайип Ердоған министрлер кабинеті отырысынан кейін осылай деп мәлімдеді. Ол хуситтердің Эр Рияд әуежайына жасаған шабуылын қатаң айыптап, Ұмра қажылығын өтеуге барып, опат болғандардың отбасыларына көңіл айтты. Ердоғанның пікірінше, Түркия өңірдегі қақтығыстарды күш қолдану арқылы емес, диалог пен дипломатия арқылы шешуді қолдайды. Сол себепті Сауд Арабиясы және Пәкістанмен жасасқан Мекке қорғаныс келісімін ратификациялау үшін құжат жақын арада Түркияның Ұлы ұлттық Мәжілісіне ұсынылатынын айтты.  Оның сөзінше, келісім аясындағы іс-шаралар тек ұлттық заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

Реджеп Тайип Ердоған, Түркия Президенті:

- НАТО-дағыдай бірлескен қорғаныс туралы келісім аясындағы қызмет ұлттық заңнамамызға сәйкес жүзеге асырылады. Құжатты ел ішінде бекіту рәсімдері жалғасып жатыр. Сол себепті Түркияның ұстанымын өзгеше етіп көрсетуге бағытталған мәлімдемелерге ешқандай негіз жоқ. Түркияның ұстанымы, бұған қатысты көзқарасы мен негізгі қағидаттары айқын. Өңірімізде бейбітшілік пен тұрақтылық орнағанын қалаймыз. Бұдан былай да аймақтық жауапкершілік қағидатына сәйкес жұмысымызды тоқтатпаймыз.

Сондай-ақ оқыңыз: