ОПЕК: мұнайға сұраныс азаюы мүмкін
Әлемдік нарықта мұнайға сұраныс азаяды, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл ОПЕК-тің болжамы. Картельдің есебіне қарағанда, 2026 жылы қара алтынды тұтыну тәулігіне небәрі 180 мыңға өседі. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 200 мың баррельге аз. Сөйтіп, бір күнгі жаһандық сұраныс 105 млн баррельге жетуі мүмкін. Сұраныстың азаюына әлемдегі геосаяси ахуал себеп. «Бұл экономикалық өсімді тежеп отыр», – дейді сарапшылар. Былтыр сала мамандары мұнайды тұтыну тәулігіне 1,4 млн баррельге артады деп топшылаған еді. Жыл басынан бері OPEК бұл көрсеткішті 8 есе кемітті. Десе де, картель өкілдері 2027 жылы мұнайға сұраныс керісінше артатынын айтады. Күніне 2 жарым млн баррельге өсуі мүмкін.