Панамада жер сілкінісі кезінде жараланған әйел көз жұмды
Панамада 6 күн бұрын болған 7,7 балдық жер сілкінісі салдарынан бір адам көз жұмды.
Ел үкіметінің хабарлауынша, 68 жастағы әйел ауыр жарақаттан қайтқан. Тағы 20-дан астам тұрғын жараланды. Билік елде төтенше жағдай жариялап, қалпына келтіру шараларына 100 миллион доллар көмек бөлді. Алдын ала ресми есеп бойынша 727 үй толығымен қирап, 3390 баспана зақымданған. Бұдан бөлек жолдар мен көпірлер бұзылды. Осының кесірінен көлік қозғалысы тоқтап, ауылдық жерлерге көмек жеткізу қиындаған. Панама университеті Сейсмикалық желілер орталығының мамандары тағы 611 жерасты дүмпуі тіркелгенін айтады. Бірақ басқа жүйелер афтершоктар саны 1200-ден асқанын хабарлаған. Үйсіз қалған отбасылар далада түнеуге мәжбүр.