Италияда әуе қатынасы екі есе қысқарды

Италияда деректерді тарату желісінен техникалық ақау шығып, бірнеше әуежайда әуе қатынасы шамамен екі есе қысқарды.

Айта кетейік, бұл жүйе елдегі әуе қозғалысын басқаруды қамтамасыз етеді. Елдің мемлекеттік аэронавигациялық компаниясының хабарлауынша, ұшу қауіпсіздігін сақтау мақсатында  әуе қозғалысына уақытша шектеулер енгізілген. Соған қарамастан деректер таратудың балама жүйесі іске қосылып, таңертеңгі рейстердің біразы орындалды. Мамандардың айтуынша, ақаудың кибершабуылға немесе қасақана жасалған іске еш қатысы жоқ. Қазір жүйенің толық жұмысын қалпына келтіру үшін ақаудың себебі анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз: