АҚШ Канада тауарларына шектеуді жеңілдетті
АҚШ Канадаға қатысты сауда шектеулерін қайта қарайды, деп хабарлайды 24KZ.
30 қазаннан бастап Вашингтон бірқатар тауарға салынатын 50 пайыздық баж салығын алып тастайды. Тиісті жарлыққа АҚШ президенті Дональд Трамп қол қойды. Жоғары баж салығынан америкалық кәсіпкерлердің шығыны артқан. «Ал солтүстік штаттарда ауыл шаруашылығы мамандары кей тауарлар ел бойынша тапшы», - дейді. Десе де, сауда шектеулерінің жалпы көлемі қысқармайды. Керісінше, тізімге тұрмыстық химия өнімдері, техника, жиһаз, азық-түлік және спорт тауарлары қосылды. Өз кезегінде Канада билігі екі ел арасындағы өзара тиімді сауда қатынастарын қалыптастыру бағытында жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.