Meta компаниясы ЖИ дамытуға $95 млрд бөледі
Meta компаниясы жасанды интеллектіні дамытуға 95 млрд доллар инвестиция тартуға бейіл.
"Бұл үшін қор биржасына акцияларын шығарамыз" деп отыр. Рейтер агенттігі қомақты қаржы жаңа дата орталықтарын салуға, ақылды машинаның инфрақұрылымын кеңейтуге жұмсалатынын хабарлады. Nvidia, Эй-Эм-Ди және Broadcom секілді ірі инвесторлармен келіссөз бастамақ. Meta жылдың аяғына дейін 35 млрд долларға акцияларын, ал келер жылдың алғашқы 3 айында тағы 60 млрд доллар көлемінде құнды қағаздарын сатпақшы. Сарапшылар компания жоспары орындалса, оның нарықтағы ықпалы нығая түсетінін айтады.