Канада мен БАӘ сауда келісімін жасады

Канада мен Біріккен Араб Әмірліктері сауда-инвестициялық байланысты кеңейту туралы келісімге қол қойды. «Рейтердің» хабарлауынша, құжат 2027 жылы күшіне енеді, деп хабарлайды 24KZ.

Содан кейін Әмірліктерге экспортталатын Канада тауарларының 99 пайызына салық төмендейді. Сарапшылар «Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін, өнеркәсіп құралдары мен авиация техникасын шығарушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады» дейді. Айта кетейік, Біріккен Араб Әмірліктері – Таяу Шығыстағы Канада экспорты үшін бұрыннан ең үлкен нарық. Былтыр екі елдің арасындағы тауар айналымы 2 жарым млрд долларды құрады. Оттава АҚШ-пен сауда текетіреске түскелі басқа мемлекеттермен байланысын нығайтуға әрекеттеніп жатыр. Премьер-министр Марк Карни өзге елдермен сауда көлемін алдағы 10 жылда 2 есе арттыруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз: