Д. Трамп «ЖИ» терминін қолдануға тыйым салады
АҚШ президенті Дональд Трамп ресми құжаттарда «жасанды интеллект» терминін қолдануға тыйым салады, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл туралы ол Truth Social желісіндегі жазбасында мәлімдеді. Д. Трамп қолданыстағы терминді сәтсіз таңдалған атау деп санайды. Желідегі жазбасында ол: «Жақын арада «жасанды интеллект» терминін ресми құжаттарда және басқа да жағдайларда қолдануға тыйым саламыз», – деп хабарлады. Қыркүйек айының соңында Трамп федералдық мекемелерге «суперинтеллект» атауын қолдануды міндеттейтін жарлыққа қол қойған еді. Құжат ресми хаттар мен мәлімдемелерге де қатысты.