СhatGPT нұсқауын орындаған науқас көз жұмды
СhatGPT-ге сенем деп көз жұмды. АҚШ-та тұратын қытай азаматшысы дәрігерге сенбей, чат боттан ақыл сұраған.
The New York Times басылымының мәліметіне сүйенсек, 28 жастағы Боуэн Ван эпилепсияға ішетін дәріні біртіндеп тоқтатқан. Бұған дейін бірнеше жыл қабылдап келген екен. Бұл арада дәрігердің нұсқаулығы жоқ, СhatGPT кеңес берген. Енді марқұмның отбасы СhatGPT әзірлеушілеріне шағым түсіріп, тиісті іс қозғалуын талап етіп отыр.
Ал қайтыс болған Боуэн Ванның өзі де осыған дейін АҚШ-тағы Amazon компаниясында бағдарлама жасаушы болып жұмыс істеген.