Хуситтер Аден әуежайын шабуылдады
Хуситтер Аден қаласындағы әуежайға шабуыл жасады. Соққыдан бейбіт тұрғындар зардап шегіп, әуе қатынасы уақытша тоқтады. Йемен билігі қарулы топтың бұл әрекетін қатаң айыптады. «Хуситтердің мақсаты – Сауд Арабиясынан келетін жүкке тосқауыл қойып, халықты қорқыту», - дейді. Себебі елде әскери қимылдар ушыққалы босқан халық осы Йемен үкіметінің бақылауындағы қалаға келіп бас сауғалаған.
Ал хуситтердің ресми өкілі Яхья Сари: «Бұған дейін тұрғындарға шаһар әуежайы маңынан кету керектігін ескерткенбіз. Өйткені Саудияның әскери ұшақтары осы айлақ арқылы үкімет әскеріне қару-жарақ тасып жатыр», - дейді.