Жаһандық жылыну үдеп барады
2026 жыл метеобақылау тарихындағы ең ыстық екінші жыл болуы мүмкін.
Бұл туралы Еуропалық одақтың Коперникус ((Copernicus)) климаттық қызметі мәлімдеді. Жалпы жаһандық температура Париж климаттық келісімінде белгіленген 1,5 градустық шектен үшінші ай қатарынан асып отыр. Ғалымдардың айтуынша, Тынық мұхитындағы Эль-Ниньо құбылысының күшеюі жаһандық жылынуды үдете түскен. Бұл сәйкесінше аптап ыстық, құрғақшылық пен су тасқыны қаупін арттырады. Ал бұған дейін Біріккен Ұлттар Ұйымы климаттық қатерлерді азайту үшін парниктік газдар шығарындыларын шұғыл қысқарту қажеттігін алға тартқан еді.