No comment: Қытайдан жеткізілген пандалар
Атланта хайуанаттар бағы халықаралық бағдарлама аясында Қытайдан жеткізілген пандаларды алғаш рет келушілер назарына ұсынды, деп хабарлайды 24KZ.
Пин Пин және Фу Шуан есімді жануарлар қыркүйек айынан бері карантинде болды. АҚШ-тағы хайуанаттар бағы мен Қытайдың жабайы табиғатты қорғау қауымдастығы арасындағы келісімге сәйкес пандалар он жыл Америкада қалады.