Абу-Дабиде Ресей мен Украина келіссөз жүргізеді
Бұл – тараптардың тоғыз айдан кейінгі алғашқы кездесуі. Абу-Дабиде өтетін келіссөзде Ресей мен Украинаның соғыстан кейінгі қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тараптарға берілетін қауіпсіздік кепілдіктері талқыланады. Екі күнге жоспарланған басқосу АҚШ-тың арағайындығымен өтеді.
Жиынға Еуропа елдерінің өкілдері де қатысады. Бұл туралы Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен растады. Күн тәртібінде Еуропаның соғыстан кейінгі қауіпсіздігі және Украинаны қалпына келтіруге қажетті экономикалық жоспарлар бар.
Айта кетейік, Украина делегациясын Рустем Умеров, Ресей делегациясын Владимир Мединский басқарады. Талқылау жабық форматта өтеді.