Солтүстік Корея жаңа су асты қаруын сынады

Солтүстік Корея әскери-теңіз күштеріне арналған жоғары жылдамдықты торпедоларды сынақтан өткізді. Әзірге олардың техникалық сипаттамалары жөнінде ақпарат жоқ, деп хабарлайды 24KZ.

Корей орталық телеграф агенттігінің мәліметі бойынша, қару-жарақтың бұл түрі келер жылдың басында пайдаланылуға берілмек. Пхеньян кейінгі бірнеше аптада баллистикалық зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолданып, бірқатар сынақ өткізді. Мемлекет басшысы Ким Чен Ынның сөзінше, олар елдің теңіздегі әскери қуатын нығайтуға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыз: