Халықаралық сот Мьянманы айыптады
Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық соты Мьянманы Рохинджа халқына қарсы геноцид жасағаны үшін жауапты деп таныды. Сот 2017 жылы Ракхайн штатында жүргізілген әскери операция кезінде жаппай кісі өлтіру және зорлық-зомбылық әрекеттер болғанын алға тартып, 7 жыл бұрынғы талап-арыз бойынша шешім шығарды. Оны 15 судьяның тоғызы қолдады. Енді Мьянма билігі кінәлілерді жауапқа тартуға, зардап шеккендерге өтемақы төлеуге міндеттелді.
Сондай-ақ босқындардың Отанына оралуына және отбасылардың қайта қауышуына жағдай жасауға тиіс.
Айта кетейік, Халықаралық сот алғаш рет тұтас бір мемлекетті геноцид үшін жауапты деп таныды. Біріккен Ұлттар Ұйымы дерегіне сәйкес, 2017 жылғы әскери қимылдардан Рохинджа халқының 700 мыңнан астам өкілі бас сауғалап, көрші Бангладешті паналаған.