COP31 саммиті нәтижесіз аяқталды

COP31 климат саммиті биыл да нәтижесіз аяқталды, деп хабарлайды 24KZ.

Қарашаның 9-ында Анталияда ашылу салтанатын өткізген жаһандық жиын 20-сында аяқталуы керек еді. Бірақ қызу талқы саммитті тағы екі күнге ұзартты. Өйткені аяқсыз қалған мәселе көп. Еуропалық Одақ Түркиядағы жаһандық жиын құжатының жаңартылған нұсқасын қабылдамады. Құжатта көмір, мұнай және газдан бас тарту жөнінде нақты міндеттеме жоқ дейді бұл тарап. Ал қазба отындары климат өзгерісіне әсер ететін негізгі фактор. Мұны шағын арал-мемлекеттер мен Латын Америкасы елдері де қостайды. Ал ОПЕК ұйымы мұнай мен газсыз жаһанды энергиямен қамтамасыз ету мүмкін емес, дейді. Былтыр Бразилияда өткен басқосуда да мемлекеттер қазба отыннан кезең-кезеңімен бас тарту бойынша ортақ келісімге келе алмаған еді. Сол дау биыл да келісім бермеді.

Сондай-ақ оқыңыз: