Д. Трамп өлім жазасын жеделдетуді тапсырды
Дональд Трамп өлім жазасына кесілгендерге қатысты үкімді тез арада орындауды бұйырды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық көрсеткендерге, адам саудасымен айналысқандарға және адам өлтіргендерге өлім жазасын беруді тапсырды, деп хабарлайды 24KZ.
Бұған дейін Калифорния губернаторы Гэвин Ньюсом өлім жазасына кесілген 560-тан астам сотталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы шешім қабылдаған еді. Ақ үй басшысы осыған наразы. Трамп 2025 жылы федералдық деңгейде өлім жазасына салынған мораторийді жойып, оны қайта енгізу туралы жарлыққа қол қойған болатын.