Израиль Хамасқа қатаң ескерту жасады
ХАМАС қаруын тастамаған жағдайда осы Газа секторында ауқымды әскери операция бастамақ, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл туралы Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац мәлімдеді. Айтуына қарағанда, Газа қаласынан 1 млн палестиналықты оңтүстікке көшіру көзделіп отыр. Сондай-ақ Израиль әскері ХАМАС-тың әскери инфрақұрылымын түгел жоюға ниетті. Кац ХАМАС басшыларына да қатаң ескерту жасады. Тақауда қозғалыстың қауіпсіздік қызметін басқарған Наим Әбу Нахельдің көзін жойғанын хабарлаған еді. Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату келісімі 2025 жылы 10 қазанда күшіне енген.