Швецияда тәтті тоқаштар конкурсы басталды
Швецияда дәстүрлі тоқаштан жасалған тәтті өнімдер байқауы басталды, деп хабарлайды 24KZ.
Ел астанасы Стокгольмдегі сәулет өнері мен дизайн орталығында 160-тан астам тәтті тағам жасаушылар сынға түсті. Биылғы доданың тақырыбы – адамзаттың 100 жылдан кейінгі өмірі. Қатысушылар тоқаштан ғарыш айлағын, 3D принтер жасап, тіпті болашақ нейрожүйесінің жұмысын көрсетті. Аталған көрме осымен 36-шы рет өткізіліп жатыр. Қатысушылардың жас айырмашылығына қатысты шектеу жоқ. Мектеп табалдырығын енді аттаған бала да, кәсіби сәулетшілер де қатыса алады. Жеңімпаздардың тізімі желтоқсан айының ортасында белгілі болады.