Перу әуежайында 677 тірі жәндік тәркіленді

Перу астанасы Лима әуежайында Қытайдың екі азаматының жүгінен 677 тірі жәндік пен бауырымен жорғалаушы табылды. Олардың арасында бүйі, шаян, қырықаяқ және кесірткелер барі, деп хабарлайды 24KZ.

Контрабандалық жүк пластик контейнерлер мен шағын сөмкелерге жасырылған. Мамандардың айтуынша, жалпы құны 100 мың доллар болатын бұл экзотикалық тіршілік иелері Париж арқылы Қытайға жеткізілуі тиіс болған. Айта кетейік, қарашаның басында дәл осы әуежайда Германия мен Польша азаматтарының чемодандарынан шұлыққа жасырылған 3 мыңнан астам тірі бүйі тәркіленген еді.

Кора Суарес, Перудің орман және жабайы табиғат қызметінің маманы:

– Жылдың осы мезгілінде жабайы жануарлардың заңсыз саудасы күрт артады. Өйткені алда мерекелер келе жатыр, ал адамдар бір-біріне экзотикалық сыйлық жасағанды ұнатады. Мұндай тауар негізінен Азия мен Еуропа нарығына бағытталады.

Сондай-ақ оқыңыз: