Амстердам әуежайында сирек кездесетін тасбақалар тәркіленді
Амстердам әуежайында сирек кездесетін 26 тасбақа тәркіленді. Оны Мексикадан Гонконгқа ұшқан жолаушы жүк ретінде тасымалдамақ болған, деп хабарлайды 24KZ.
Тіпті ойыншық көліктер салынған қорапқа тыққан. Жорғалаушы жануар қимылдамасын деп скотчпен жабыстырып тастағаны да белгілі болды. Нидерландтың азық-түлік және тұтыну тауарлары басқармасы тасбақалар оңалту орталығына жеткізілгенін хабарлады. Жолаушы қамауға алынып, тергеу басталды. Айта кетейік, Вальярта лай тасбақалары әлемдегі ең кішкентай жорғалаушылардың қатарында. Мексиканың жабайы табиғатында небәрі 300 жануар қалған. Көлеңкелі нарықта біреуінің құны 30 мың доллардан асады.