Келіссөз. Бедеулік – халық өсімін тежеуші фактор

www.soycarmin.com

Салауатты ұрпақ тәрбиелеу үшін қай-қайсымыз болсақ та жастайымыздан денсаулыққа мән беруіміз керек дейді мамандар. Өкінішке орай бүгінде еліміздің демографиялық жағдайы көңіл көншітпей отыр. Соңғы жылдары ерлер мен әйел бедеулігі белең алуда. Бұған не себеп? Ерлер денсаулығы қаншалықты назарда?

Бағдарлама қонақтары Ә.Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы басқарма төрағасының орынбасары Ілияс Мұхамеджан және репродуктолог дәрігер Аслан Әбішевпен осы тақырыпты талқыға саламыз.