Абайлаңыз, импорт! Жастығыңыз жайлы ма?

www.vecherka.ee

Адам өмірінің үштен бірін ұйқыда өткізетінін ескерсек, дұрыс жастық таңдай білу маңызды. Бүгінде дәрігерлер оның пайдасы жайлы көп айтуда. Жайлы жастық мидағы қан айналымын түзеп, бас ауруын болдырмайды дейді олар. Алайда сіз барлық жастықтың бірдей пайдалы бола бермейтінін түсінгеніңіз абзал. Ендеше оның қауіпсіздігіне қалай көз жеткізуге болады?