Кенияда наурыздан бері жабық тұрған мектептер қайта ашылды

Кенияда наурыздан бері жабық тұрған мектептер қайта ашылды

Сөйтіп 15 миллион оқушы қайтадан партаға отырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда қазір білім мекемелерінде орын жетіспей жатқан көрінеді. Жергілікті мұғалімдердің айтуынша, бір сыныпта 80 оқушыдан отыруға мәжбүр екен. Мұндай жағдайда әлеуметтік арақашықтықты сақтау мүмкін емес дейді олар. Білім беру мекемелерінің жұмысы Камбоджада да жанданды. Бұдан бөлек, музейлер, сауық орындары мен спорт нысандары да жұмыс істей бастады.

Кристин Атиено, ата-ана:

– Мен балаларымның үйде отырғанын қаламаймын. Сабақты мектеп қабырғасында алғандары дұрыс деп санаймын.