Қырғызстанның жаңа президенті ресми түрде қызметіне кірісті

Қырғызстанның жаңа президенті ресми түрде қызметіне кірісті
фото: tass.ru

Қырғызстанда сайланған президент Садыр Жапаровты ұлықтау рәсімі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Іс-шара Ұлттық филармония ғимаратында ұйымдастырылған. Оған мыңнан аса адам шақырылды. Арасында бұрынғы президент Сооронбай Жээнбеков, министрлер, парламент депутаттары мен дипломаттар да бар.

Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстанда мерзімінен бұрын президенттік сайлау биыл 10 қаңтарда өтті. Онда 79,2% дауыс жинаған Садыр Жапаров жеңіске жеткен.