Дохада араб жылқыларының сұлулық байқауы өтті

Катар астанасы Дохада араб жылқыларының халықаралық сұлулық байқауы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

12 елден 250-ден аса жануар қатысқан сайыстың жүлде қоры 3,5 миллион долларды құраған. Қазылар алқасының 11 мүшесі жылқылардың сыртқы сымбаты мен қимыл-қозғалысын бағалады. 4 күнге созылған жарыс араб жылқыларының сұлулық байқауы Еуропалық комиссия мақұлдаған ережелер бойынша өткізілген. Бас жүлдені жергілікті төрт тұяқты жеңіп алды.

Әл-Дана Әл-Меслемани, жеңімпаз жылқының иесі:

- Бұл жеңіс өте маңызды. Бұл біз үшін үлкен жетістік қана емес. Енді жақсы ұрпақ алуға мүмкіндік туып отыр.