Пәкістанда жедел жәрдем көлігі мен жүк көлігі соқтығысты

Пәкістанда жедел жәрдем көлігі мен жүк көлігі соқтығысты

Пәкістанның солтүстік-батысындағы Солтүстік Вазиристан ауданында жедел жәрдем көлігі мен самосвал соқтығысты.

Салдарынан кем дегенде бес адам қаза тапты, тағы екеуі түрлі жарақат алды.

Оқиға орнына жергілікті полиция мен құтқарушылар жетіп, зардап шеккендер мен қаза болғандарды жақын жердегі ауруханаға жеткізді.

Медицина қызметкерлерінің айтуынша, қаза тапқандардың саны артуы мүмкін, өйткені екі адам ауыр халде жатыр.

Алдын ала тергеу бойынша жол апатына кінәлі – жедел жәрдем жүргізушісі.