Мексика коронавируспен байланысты тағы бір үлкен проблемаға тап болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жергілікті жерлеу бюролары инфекциядан қаза тапқан азаматтарды жерлейтін орын қалмады деп дабыл қағуда. Өйткені тіркеліп жатқан өлім-жітім дерегі өте көп. Осылай жалғаса берсе, коронавирус құрбандарына бауырластар зираты пайдаланылуы да мүмкін.
Айта кетейік, бүгінде Мексика өлім-жітім көрсеткіші бойынша әлемде үшінші тұр. Осы уақытқа дейін 170 мыңнан адам бақилық болған.