Израиль жағалауына ондаған тонна мазут төгілді

Израиль жағалауына ондаған тонна мазут төгілді

Салдарынан тасбақалар, балықтар мен құстар қырылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың арасында Қызыл кітапқа кіретін түрлері де бар. 16 елді мекеннің тұрғындарына таяу күндері жағажайға бармауға кеңес берілді. Алдын ала мәлімет бойынша, оқыс оқиға 11 ақпанда болған. Дауыл кезінде кемелердің бірінен теңізге мазут төгілсе керек. Мамандар бұл ел тарихындағы ең ірі экологиялық апат екенін айтады. Оның салдарын жою үшін бірнеше жыл кетуі мүмкін деген күдік бар. Қазір тазалау жұмыстарына волонтерлер де көмектесіп жатыр. Апат салдарын өз көзімен көру үшін жергілікті жағажайлардың біріне премьер-министр барып қайтқан.

Биньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі:

– Барлық кеме отын ретінде газды қолдану керек. Өйткені мұнай өнімдері қоршаған ортаны ластайды. Егер біздің бастамамызға басқа елдер де қосылса, алдағы бірнеше жыл ішінде айтарлықтай жетісікке жетер едік.