Өткен айда Мексикадан АҚШ-қа өтпек болған 100 мың мигрант ұсталған

Өткен айда Мексикадан АҚШ-қа өтпек болған 100 мың мигрант ұсталған

АҚШ шекарашылары ақпан айында Мексикадан ел аумағына кірмек болған 100 мигрантты ұстаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, бұл соңғы 15 жылда тіркеліп отырған рекордтық көрсеткіш. Мамандар, әсіресе, соңғы уақытта көрші елмен шекараны ата-анасы жоқ балалардың кесуі жиілегенін айтады. Және алда заңсыз босқындар көбейеді деп отыр.

Еске сала кетейік, АҚШ-та Джо Байден билікке келген соң Дональд Трамп әкімшілігінің мигранттарға қатысты қабылдаған шектеулерін алып тастауға уәде берген. Сонымен қатар екі ел арасындағы шекараға қабырға тұрғызуды тоқтатынын айтқан еді.