Германия дүкендерінде коронавирусқа қарсы экспресс-тест сатыла бастады

Германиядағы ірі дүкендер желісінің бірінде коронавирусқа қарсы экспресс-тест сатыла бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір қорапта 5 тест бар. Оның құны 25 еуро. Әр адам бір ғана қорап ала алады. Үкімет бұл шара елдегі індетке қарсы шектеулерді бәсеңдетуге көмектесетінін айтады. Германияда карантин наурыздың 28-іне дейін ұзартылған. Бірақ әр аймақ эпидемиологиялық ахуалға байланысты тыйымдарды жеңілдете алады.

Кристиан Коул, жергілікті тұрғын:

- Мен дүкенде экспресс-тест сатылып жатқанын естіп, оны бірден алуды шештім. Бұл өзіңнің вирус жұқтырғаныңды тез анықтап, тиісті шаралар қабылдауға көмектеседі.