Ұлыбританияда бүкіл ел іздеген әйелді өлтірді деген айыппен полицей қамауға алынды

Ұлыбританияда бүкіл ел іздеген әйелді өлтірді деген айыппен полицей қамауға алынды

Ұлыбританияда бүкіл ел іздеген әйелді өлтірді деген айыппен полиция қызметкері қамауға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

33 жастағы Сара Эверард 3 наурызда үйіне қайтып келе жатқан жолда ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Кейін оның мәйіті Лондонның оңтүстігіндегі орманнан табылды. Бас күдікті – Уэйн Казенс есімді полицей. Оның жұбайы да сыбайлас деген айыппен қамалған, бірақ кейін кепілдік ақшамен босатылды. Қылмыстың қалай жасалғаны туралы әзірге ашық айтылмай отыр. Сот процесі бүгін басталады. Бұл іс Британия қоғамында үлкен шу тудырды. Тұрғындар жыныстық әлімжеттік жасалған оқиғаларын әлеуметтік желіде бөлісуде, тіпті кейбір саясаткерлер ерлерге арнап коменданттық сағат енгізуді ұсынған.

Ник Эфгрейв, полиция офицері:

- Полицейлер марқұмның отбасымен үнемі хабарласып отыр. Тергеу аяқталғанша оларға көмек көрсетіледі. Жүздеген тергеуші күн-түн демей қарқынды жұмыс істеуде. Сараның жоғалып кету және өлтірілу себептерін тез арада анықтауымыз керек.