Колумбияда көлік жарылып, 20 адам жарақат алды

Колумбияда көлік жарылып, 20 адам жарақат алды

Колумбияның оңтүстік-батысында лаңкестік әрекет жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда мэрия ғимараты мен полиция бөлімшесі маңында көлікке қойылған зат жарылған. Салдарынан 20-ға жуық адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Үш науқастың жағдайы ауыр. Жарылысты нақты кімнің ұйымдастырғаны әзір беймәлім. Алайда өңірде бірнеше қылмыстық топтың әрекет ететіні белгілі. Олар бір-бірімен есірткі саудасы мен пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру үшін араздасып келеді.

Иван Дуке Маркес, Колумбия президенті:

– Лаңкестік – әлсіздердің қолданатын қаруы. Қаскөйлер пандемия кезінде экономиканы қайта жандандыру үшін барын салып жатқан жандардың еңбегін жоққа шығармақ. Алайда біз бұған жол бермейміз. Қастандық жасағандардың барлығын анықтап, жауапқа тартатын боламыз.