TikTok-та танымал болғысы келген ташкенттік жұп метро вагонында үйлену тойын өткізді

Ғашықтар әлеуметтік желіде лайк жинауды көздеген екен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Хайп қуғандарды көпшілік айыптады. Жастардың бұл әрекеті өзбектердің көңілінен шыға қоймаған секілді. Енді қос ғашық көрші елдің заңы бойынша жауапқа тартылады. Қазір Ташкенттің ішкі істер департаменті үйлену тойын ұйымдастырған азаматтарды іздестіріп жатыр. Олар қоғамдық тәртіпті бұзып, мәдениет пен тәрбиенің жоқтығын көрсетті дейді жауапты орган өкілдері. Өзбекстанда карантин күшейтілгенімен той өткізуге тыйым салынған жоқ. Шақырылған қонақтар саны 100-ден аспауы тиіс.