Малайзияда карантин талаптары күшейтілді

Малайзияда карантин талаптары күшейтілді

Малайзия билігі аймақтағы эпидемиологиялық ахуалдың ушығуына байланысты карантин талаптарын күшейте бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған сәйкес аймақтағы қоғамдық тамақтану орындары мен сауда орталықтарының жұмысына шектеу қойылды. Қоғамдық іс-шаралардың ұйымдастырылуына да рұқсат жоқ. Жаңа шектеу шаралары мамырдың 7-сінен бастап 20-сына дейін өз күшінде болады. Куала-Лумпур маңындағы 6 округте де халықтың себепсіз қозғалысы жіті қадағаланып, аймақтағы мектептер екі аптаға жабылды. Сәуір айының ортасынан бері елде күніне тіркелген науқастардың саны 2 мыңнан асқан. Мамырдың 4-інен бері бұл көрсеткіш 3 мыңнан асып отыр.

Сюй Кайюнь, Куала-Лумпур тұрғыны:

- Локдаунға етіміз үйренген секілді. Өткен карантиндерге қарағанда осы жолы жеңіл қабылдадық. Тіпті шектеудің алдында халықтың жаппай дүкен аралауы да байқалған жоқ. Тұрғындар карантинге әбден үйреніп алғанға ұқсайды.