COVID-19: Үндістан билігі халықты вакциналауды күшейтуде

COVID-19: Үндістан билігі халықты вакциналауды күшейтуде
фото: RT

Үндістанда коронавирус індетінің таралуы күшейіп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы бір тәулікте вирус тағы 300 мыңнан аса адамнан анықталды. Вирустан 4 мыңнан аса науқас көз жұмды. Дерттен жалпы қайтыс болғандардың қарасы 255 мыңға жуықтады. Елде ауруханалар науқастарға толып, дәрі-дәрмек әлі жетіспей жатыр. Мамандар індеттің ауылды жерлерге таралуы күшейгенін айтады. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты кей штаттарда шектеулер қатаңдатылып, комменданттық сағат енгізілген. Билік індеттің таралуын бәсеңдету үшін халықты вакциналауды күшейтуде. Қазірге дейін елде 175 миллион доза вакцина салынған. Бұл халықтың жалпы санының 13%-і. Мамырдың 1-інен бастап елде жасы 18-ге толған адамдарды вакциналау басталды.

Неха Чоухан, жергілікті тұрғын:

- Мен адамдардың барлығы коронавирусқа қарсы екпе ектіру керек деп ойлаймын. Оның ешқандай кері жанама әсері жоқ. Сондықтан адамдар қорықпай вакцина салдырғаны дұрыс.