Израиль Газадағы ХАМАС көшбасшысының үйін талқандады

Израиль Газадағы ХАМАС көшбасшысының үйін талқандады
фото: BBC

Жексенбі күні түнде және таңертең ХАМАС жауынгерлері Израильге зымыран шабуылын жалғастырды, ал Израиль әскерилері Газа секторына жаңа соққылар жасады.

2014 жылдан бергі ең үлкен қақтығыс жетінші күнге созылды және деэслакация белгілері көрінер емес, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

Израиль әскерилерінің хабарлауынша, соққылардың бірі ХАМАС тобының саяси көшбасшысы Яхья Синвардың үйіне тиген. Бұл уақытта үйде біреудің болған-болмағаны әлі белгісіз.

Таңертең Израиль қорғаныс армиясы үйдегі жарылыстың суреттерін жариялады.

Тағы бір әуе соққысы ХАМАС қозғалысының «Джабалия» батальоны командирінің үйіне түскен.

Израиль әскерилері екі үйде де топтың террористік инфрақұрылымы болғанын хабарлады.