Түркияда пластик қоқыстар импортына тыйым салынды

Түркияда пластик қоқыстар импортына тыйым салынды

Түркия пластик қоқыстарды сырттан әкелуге тыйым салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай шешім халықаралық «Гринпис» экологиялық ұйымының атышулы зерттеуінен кейін қабылданған. «Гринпис» елдің оңтүстігіндегі Адана қаласындағы жолдардың бойынан, жағажайлар мен тоғандарды тексеріп, Түркия пластик қоқыстардың заңсыз алаңына айналды деп айыптаған еді. Тыйым полиэтилен пластикке салынды. Бұл заттар әсіресе Ұлыбританиядан қайта өңдеу үшін тасымалданатын қоқыстың 94%-інде кездеседі. Полиэтилен йогурт, түрлі салаттар салынатын құтыларда кездеседі. Британиялық пластик қоқыстың Түркияға экспорттау көлемі соңғы 4 жылда 17 есе өскен. Сондай-ақ Түркияға Германия, Польша және Еуроодақтың басқа елдерінен де пластик қоқыс әкелінеді.

Мұрат Бакан, Парламенттегі қоршаған ортаны қорғау комиссиясының мүшесі:

- Түркияның тыйым салып жатқанының негізгі себептерінің бірі – билік қоқысты басқару процесін бақылаудан шығарып алды. Бұдан басқа, қайта еңдеу ісі де жолға қойылмаған. Бұл жұмыстың сапасы мүлде сын көтермейді.